Африка мен Оңтүстік Азиядағы интернет шатдаундарының көбеюі
Африка мен Оңтүстік Азиядағы интернет шатдаундарының көбеюі

Африка континентінің әртүрлі бөліктерінде үкіметтер сайлауға немесе саяси толқуларға жауап ретінде интернет пен әлеуметтік желілерге кіруді шектетіп турады.

2022 жылдың 8 тамызында Ливия қарулы күштерінің бас қолбасшысы Халифа Хафтар Ливияның шығысындағы Тобрук қаласына барған кезде #KeepItOn коалициясының серіктестері бүкіл қалада интернетті кем дегенде бес сағатқа өшіруді құжаттады. Өшірудің себебін билік түсіндірмеді.

10 тамызда Фритаун, Сьерра-Леонеде бағаның өсуіне жауап ретінде үкіметке қарсы наразылық басталды. Наразылық марқұмдардың белгісіз саны туралы хабарламалармен тез арада зорлық-зомбылыққа айналды. Наразылық кезінде бүкіл ел бойынша интернет жергілікті уақыт бойынша 12:00-ден 14:00-ге дейін екі сағатқа тоқтатылғаны белгілі болды.

Sierra Leone Cable мемлекеттік компаниясы басқаратын Zoodlabs провайдері апат шұғыл техникалық қызмет көрсетуден туындағаны туралы қоғамдық мәлімдеме жариялады.

Сьерра-Леоне билігі саяси бақылауды орнату үшін интернетті өшіру тәжірибесіне ие. 2018 жылы билік сайлау кезінде нәтижелер туралы ақпарат ағынын тоқтату үшін интернетті өшірді. Адам құқығын бұзатын, 2022 жылы «Апаттық техникалық қызмет көрсету» шатдаун үшін жеткілікті негіздеме болмайды.

2022 жылдың 11 тамызында Сомалиленд журналистері интернеттің өшірілгені туралы хабарлады, ол жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де басталды, оппозиция мен қоғам наразылық білдірушілер Харгейс және Бураоны қоса алғанда, әртүрлі аймақтарға жиналды. Вокуи Галбид аймағындағы наразылықтар кезінде барлық жергілікті интернет-провайдерлер, соның ішінде Telesom, Somtel және Somcable арасында толық тоқтату тіркелді.

2017 жылы Сомалиленд билігі жалған жаңалықтардың таралуын болдырмау үшін нәтижелер жарияланғанға дейін 13 қарашада сайлау күні әлеуметтік желілерді жабу туралы шешімін жариялады.

10 тамызда, Access Now мәліметтері бойынша, Ауғанстан билігі Кабулдағы интернет пен ұялы байланысты өшірген болатын. Жергілікті тұрғындар не болып жатқанын білу үшін отбасы мүшелерімен және достарымен байланыс орнатуға тырысты, бірақ нәтеже болмады. Кейінірек Ауғанстанның электр байланысы басқармасынан (ATRA) шиит мұсылмандары атап өткен Ашура мерекесі кезінде қалада тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды деген хабар келді.

Үндістанда, Манипур және Кашмир аймақтарында, 6-10 тамыз аралығында таулы аймақтарға үлкен автономия беруді талап ететін наразылықтарға жауап ретінде мобильді интернет толығымен өшірілді.

Арнайы ішкі істер хатшысы Х. Гьян Пракаштың 6 тамыз күні кешке шығарған бұйрығында мобильді интернет қызметтері бес күнге тоқтатылды, өйткені кейбір «Қоғамға қарсы элементтер әлеуметтік медианы жеккөрушілік тілін тарату үшін қолданды».

"Наразылықтар кезінде үкіметтер интернетті бір өшеріп, қосу үрдісі барған сайын алаңдаушылық тудырады және оның жаңа нормаға айналуына жол берілмеу керек" - Фелиция Антонио, Access Now-дағы #KeepItOn науқанының менеджері.

9 тамызда өткен президенттік сайлауда жиналған дауыстарды санау болғанына қарамастан, бірде бір шатдаунның болмауымен-Кения жоғарыда аталған елдерінен ерекшеленді.

Мы используем файлы cookies для корректного функционирования нашего сайта и аналитики. Вам предоставлена возможность согласится или отказаться от ВСЕХ cookies